Мәжбүрлеп синхрондау туралы

Kaspersky Security Center бағдарламасы басқарылатын құрылғылар үшін күйді, параметрлерді, тапсырмаларды және саясаттарды автоматты түрде синхрондайтынына қарамастан, кейбір жағдайларда әкімші белгілі бір құрылғы үшін ағымдағы уақытта синхрондау орындалғанын нақты білуі керек.

Басқару консоліндегі басқарылатын құрылғылардың контекстік мәзірінде, мәзірдің Барлық тапсырмалар тармағында Мәжбүрлеп синхрондау пәрмені бар. Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасы осы пәрменді орындаған кезде, Басқару сервері құрылғыға қосылуға тырысады. Егер бұл әрекет сәтті болса, мәжбүрлеп синхрондау орындалады. Әйтпесе, мәжбүрлеп синхрондау Желілік агент Сервермен байланыс орнатқаннан кейін ғана орындалады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Басына оралу